16 Наурыз-елімізде Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Наурызнамаға сай 16 Наурыз-елімізде Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленді.

Осыған орай Есбол ауылында Рсалы ата ұрпақтары   Көрісу күнін жаңа үлгіде ұйымдастырып, әулеттің 100-ден аса ұрпағы "ЕрНұр" тойханасында кездесті. Жаңа күнде қарттарға құрмет көрсетіп көрісті. Наурыз мерекесінде тұсау кесу, арқан тарту, ләңгі жарысы өтсе, келіндер сәлем салу дәстүрін жасады. Сондай-ақ наурыз көже дәмін татты.
Көрісудің өзі - әр әулеттің кішілерінің үлкендерге деген құрметі негізінде туындағандығын ескеретін болсақ, бұл дәстүрді насихаттау арқылы бүкіл қазақ халқының   рухын көтеру  болып табылады.
Белгілі бір әулеттің құндылықтарын, олардың бір-біріне сыйластығын, құрметтеуін, тәрбиесін насихаттай отырып, еліміздегі отбасылық құндылықтарды дәріптеуге қол  жеткізуге болады.
Жалпы Рсалы әулеті өнегелі. Білім қуған ұрпақтары еліміздің әр саласында өнікті еңбек етіп,  мемлекетіміздің дамуына айрықша үлес қосып келеді. 
Міне, солар бір күнде бір шаңырақ астына жиналып, бірліктің үлгісін көрсетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521