15наурыз- қайырымдылық күніне орай Өрлік ауылдық кітапханасында "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында "Қолөнер халық қазынасы" атты тегін шеберлік сағаты өтті

Наурыз мерекесін жаңаша тойлау Наурызнама онкүндігінде байланысты , тұжырымдамада көрсетілгендей 15- наурыз- қайырымдылық күні боп ұсынылған болатын.
Осыған орай Өрлік ауылдық кітапханасында "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында "Қолөнер халық қазынасы" атты тегін шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатында үлкенді- кішілі оқырмандар қатысып қазақ қолөнері жайында айтылып, ою түрлері таныстырылды . Кітапханашы оюдың қалай ойылып, мата бетіне қалай түсуін сызып,қиып көрсетіп берді және іс машинкасында қалай отырып, қалай тігілуі жөнінде көрсетті. Оқырмандар өз қолдарымен ою суретін салып, оны ойып, фетра матасына жапсырып, кезекпен машинкада тігіп үйренді. Аса ұқыптылықпен, сабырлықты талап ететін шеберлік өнердің қиындығы мен қызығын сезініп, қолөнерге деген қызығушылықтары арта түсті. Сонымен бірге тұрақты көрме "Ұлттық дәстүр- тәрбие негізі" атты кітап көрмесімен танысты.
Сабақ соңында кітапханашы шеберлік сабаққа қатысқан оқырмандарға өз қолдарымен тіккен дүниелерін сыйға тартты.
Мақсаты: ұлттық мәдениетіміздің ең байырғы, аса құнды саласының бірі саналатын қазақ қолөнерінің өзіндік даралығымен, терең тарихының ерекшелігін көрсету. Ұлт өнерін дәріптеп, оқырмандарды қолөнерге баулу арқылы, шеберлікке үйрете отырып, ойлау қабілеттері мен ұсақ қол мотрикасын дамыту.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521