1406 нөміріне қоңырау шалып, мәселеңізді шеше аласыз

Карантин шаралары талап еткендей МӘМС көпшілік операторларын да қашықтан жұмыс жасауға ауыстыруға тура келді.

«Үйреніп, оқып отыруға уақыт болмады. Алайда біз бәріміз кәсіптік заңдарды, денсаулық сақтау жүйесі жұмысының ерекшеліктерін білеміз. Бірақ та карантин мен коронавирусқа байланыстырлардың бәрі де біздерге барлық әлем үшін сияқты таңсық болды. Жүре бара тақырыпты зерттедік. Бізге барлық уәкілетті органдармен байланыс ұстай отырып, минут сайын ақпараттарды жаңартып отырған, байланыс-орталығының кураторлары көп көмек көрсетті» - деп ой бөлісті қор филиалы директоры С.Құралбек.

Күн сайын бірнеше мың адам 1406 номеріне қоңырау шалады. Шамамен өтініштердің үштен бірі тек жәй ғана кеңес пен түсіндірулерді талап етіп қоймай, тұрғындармен жұмыс жасау бойынша департамент пен қор филиалы қызметкерлері орындап және соңына дейін жеткізетін әрмен қарайғы көп еңбекті талап етеді. Алайда, төтенше жағдай мен карантин жарияланған кезде түрғындардың негізгі күйзелісі жедел желі операторларына келді. Олар болса бұл жүктемені жеңе алды.

Мыңдаған адамдар көмек алды және де 1406 байланыс-орталығына жүгінулерінің арқасында өз мәселелерін шеше алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521