Жыл басынан бері облыс аумағында газға улану себебінен 3 адам көз жұмып, 21 адам, оның ішінде 11 бала газға уланып қалған. Балалар өз үйлерінде жылыту пешінің мұржасы тартпай қалу себебінен көмір қышқыл газына уланған.
Жасалған талдау көрсеткендей, газға уланудың басты себептері жылыту құрылғыларын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаннан болып отыр. Бұдан тұрғындар арасында өздерінің және жақындарының қауіпсіздігіне деген мәдениет деңгейінің төмендеуін байқауға болады.Тұрмыстық газ жылыту пештерін пайдалану ережесіне сай, жағуға дайындау алдында үй мен ошақты, терезе саңылауын және ошақ аузын ашып қойып, 10-15 минут желдету керек. Барлық газ шүмектерінің жабық екеніне көз жеткізу керек. Мұржаның тартуын тексеру керек, ол үшін ошақтың аузына жұқа қағаз жолағын ұстау керек. Егер мұржа тартатын болса қағаз ошаққа қарай желбірейді. Тартпайтын болса пешті жағуға тыйым салынады, өйткені мұржасы тартпайтын пеште газ толық жанбайды да улы газ пайда болады, ол үйдің ішіне жайылып, ауыр улануға әкеліп соғады.
Пешті пайдалану барысында есіңізде болсын:
Пештің жарамдылығын және мұржаның тартуын үнемі бақылау қажет, сондай-ақ тоқсанына 1 реттен кем емес кірпіштен соғылған және құрастырылған мұржаларды, жылына 1 реттен кем емес – желдеткіш каналдарды, абсоцементті мұржаларды тексеріп, тазартып тұру қажет. Улы газдың пайда болу себептері, бұл пеш жапқышы болған кезде оттың жағылуы, мұржада тесіктер мен жарықтардың болуы, мұржа мен желдеткіш каналының бітелуі, сондай-ақ газ плиталарының жылыту құралы ретінде пайдаланылуы. Улану белгілері кезінде бас айналады, бас ауырады, әлсіздік пайда болады, жүрек және ауа жетімсіздігі туады, естен танады. Пәтерде газдың иісі байқалса дереу барлық газ шүмектерін жабу керек. Үйдің ішін желдету қажет. Ашық отты пайдаланбау, электр аспаптарын қоспау керек. 104 телефоны арқылы қауіпсіздік қызметін шақыру керек.
І.САҚЫПҚАЛИЕВ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі