Палуандар спорт интернатына орналасты

Бөдене мен Жарсуат ауылдық округіндегі еркін күрес үйірмесінің кішкентай палуандары Мырзабек Қуанышбек, Мирас Бауыржан (бапкері Н.Аманов), Еламан Өмірзақов, Алихан Ади (бапкері Д.Ізмұқанов) Орал қаласы, Тасқала ауданы, Шежен ауылының спорт-интернатына қабылданды.

Бұл жөнінде бөденелік бапкер Нұрбек Аманов: «Интернаттың басты мақсаты – сапалы білім және саналы тәрбие беру, шәкірттерді спорт шыңына жетелеу. Яғни, кәсіби біліктілігін және шеберлігін арттыра отырып, мықты спортшы ғана емес, рухани дамыған, Отанын сүйетін, елінің даңқын шығара білетін, спортты біліммен ұштастыра білетін ұрпақ тәрбиелеу. Әрине, әуелі өздерінің ерік-жігерінің арқасында және ата-аналарының рұқсатымен жіберілді», – деді.

Ал кішкентай кезінен спортқа деген зейіні бөлек, келешегінен зор үміт күтетін Мырзабектің анасы Гүлбаршын Жарқынбаева бапкерінің тәлімін терең меңгерген баласын отбасы шешімімен мектеп интернатына жіберуге бел байлағанын айтады. Қайткенмен де оң мен солын дұрыс танып білмеген балаларын алып шаһарға спорттың тылсым құпиясы мен сырын үйренуге жіберген қайсыбір ата-ананың ұлдарына деген үлкен үміті мен сенім болғаның аңғардық. Жалпы, округ жанына ашылған үйірмеде жас өрендеріміз жарыстардан жүлдемен оралып жүр.

Г.ҚАНАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT