Майдан – спорт шебері

Белбеу күресінен жерлесіміз Майдан Батанов Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына ие болды.

Атаулы марапаттың куәлігін облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов табыс етті.

Жерлесіміз Майдан Батановтың негізгі күрес базасы - дзюдо. Осы спорт түрінен облыстың бірнеше мәрте чемпионы. Атырауда көп салалы «Болашақ» колледжінің спорт бөлімін тәмамдаса, қазір Оралда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университитінің денешынықтыру және спорт факультетін аяқтай келді. Әрі аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің бапкері.

«Шын палуанға оңы мен солы бір» дегендей, белбеу күресінен де біраз табысқа жетті. Бұған дейін Татарстан астанасы Қазан қаласында өткен Еуропа кубогында қола жүлдеге ие болса, еліміздің чемпионаттарында да жүлдеден көрініп жүрген еді.

img-20201111-wa0061

Ал биыл Талдықорған қаласында 23 жасқа Қазақстан чемпионатында 82 келі салмақ дәрежесінде чемпион танылып, спорт шебері нормативін орындаған болатын.

-Дзюдо мен қазақ күресінде еркін жүріп белдесуге болады. Ал белбеу күресінің ерекшелігі қарсыласыңмен әп дегеннен белбеуден ұстасасың. Белбеуден қолыңды жіберіп алсаң ескеру аласың. «Не бел кетеді, не белбеу кетеді» деген осы ежелгі көшпенділердің күресіне арналғандай, - дейді Майдан Батановты сөзге тартқанымызда.

Биыл 22 жасқа шыққан жас палуанның жетер жетістігі әлі алда болары сөзсіз. Жеңіс құтты болсын!

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521