Ауыл мен қала арасындағы жол сапасы – тұрғындардың күнделікті өмірі мен экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші. Жолдау 2025-те жол инфрақұрылымын жаңарту мен сапасын арттыруға көңіл бөлінгені өте маңызды бастама.
Ауылдық аймақтарда жолдардың тозуы, жөнделмеген көпірлер мен қиын қатынас – өнім тасымалы мен мектепке, емханаға жетуді қиындатады. Егер Жолдауда айтылған жоспарлар нақты жүзеге асырылса, ауыл тұрғындарына ғана емес, елдің экономикасына да айтарлықтай пайда әкеледі.
Жақсы жол – тек көлік қатынасы ғана емес, ауылдың дамуына, кәсіпкерліктің өсуіне және тұрғындардың өмір сапасының жақсаруына тікелей әсер етеді.
Ә.Каримов
ауыл тұрғыны


