СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ АУДАНДА СПОРТ САЛАСЫНДА СОНЫ СЕРПІН БАЙҚАЛАДЫ. ӘСІРЕСЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫ АЯ СЫНДА ТҮРЛІ КЕШЕНДЕР МЕН ОЙЫН АЛАҢДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ. ОНЫҢ ДЕНІ МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНА САЛЫНЫП ЖАТСА, ЕНДІ ӨҢІР ӨНДІРІСІНІҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖАТҚАН ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН ДЕ ОСЫНДАЙ СЫЙ ЖАСАЛУДА.
Айталық, күні кеше Индербор кентінің «Барлаушы» мөлтек ауданында балаларға арналған жаңа футбол алаңы ашылды. Салтанатты шарада кент әкімі Шалқар Альмурзиев сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын құттықтады.
– Жаңа алаң «Барлаушы» мөлтек ауданындағы балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді. Алаңның құрылысы «InderTuzCompany» ЖШС-нің демеушіліг3мен жүзеге асырылды, – делінген аудан әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Осылайша аудан орталығындағы ойын алаңдары тағы бір жаңа нысанмен толықты.
Өз тілшіміз