Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Мерейлі датаға орай Кеңес Одағының батыры Боран Нысанбаев атындағы дәстүрлі аудандық жарыс басталды. Жарыстың салтанатты ашылу салтанатында Индер ауданы әкімінің орынбасары Артур Мурзин мен ардагер спортшы Болат Тастанов сөз алып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Батыр жүлдесін Көктоғай ауылы мен осы ауылдың ардагер спортшылары, Елтай, Өрлік, Есбол ауылдары, Индер ауылшаруашылық колледжі мен «Ұстаздар» командасы сарапқа салуда.
С.Сансызбайұлы.