5-15 қараша аралығында Индер аудандық балалар және жасөспірімдер мектебінің спорттық базасында спорт мектебі басшыларының қолдауымен Индер, Махамбет, Құрманғазы аудандарының бірлескен{jcomments on} спортшыларының қатысуымен бокс спортынан оқу - жаттығу жиыны өтіп жатыр.
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра үш ауданнан 30 спортшы шеберліктерін арттыру мақсатында қолғап түйістіріп, іс-тәжірибелерімен алмасуда.
-Ауданаралық бірлескен оқу-жаттығу жиынында жаттығуымыздың басым бөлігін таза ауада өткізуге тырысамыз. Ал, үлкен залда ара қашықтықты сақтау тұрғысында дайындалып жатырмыз. Үздіксіз жаттығулар арқасында оқушылар шыңдалып, өз баптарына келуде. Бұл балалардың ішінде республикалық және облыстық турнирлерде жүлделеніп, спорт шеберлігіне үміткер боп жүрген 10-ға жуық жасөспірімдер де бар. Мақсатымыз - осындай бірлескен оқу-жаттығу арқылы оқушылардың спорттық шеберліктерін арттырып, тәжірибелерін дамытып, үлкен деңгейдегі жарыстарда топ жару,- дейді Құрманғазы ауданының бокс жаттықтырушысы Есбол Байдошев.
Ендеше өскелең спортшы өрендерімізге алдағы жарыстарда топ жарып, биік тұғырдан көрініп, жеңімпаз атансын деп тілейміз.
Алтынбек ТҰРҒАЛИҰЛЫ