Атырауда велокростан алғаш рет ашық біріншілік өтті

24 тамыз күні, Атырауда алғаш рет велокростан ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай төртке бөлінді. Яғни, ер балалар және қызда, жасөспірімдер, сондай-ақ, ересектер арасында өтті. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбек Ахмедияровтың айтуынша, велокросс жарыстарын алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіп тұру қолға алынады.

- Жыл басынан бері облыстық велоспорт федерациясымен бірлесіп жұмыс жасап келеміз. Велоспорт түрінен Нұр-Сұлтан қаласынан өңірімізге маман келіп, жұмысын жүргізіп жатыр. Федерация және жергілікті бюджеттен велоспортқа керекті құрал-жабдықтар алынды. Атырауда тек қана велокростан емес, басқа да велоспорт түрлерінен жарыстар өткізіп тұрамыз, -дейді Нұрбек Ахмедияров.

Жарыстың қорытындысы бойынша, 2005-2007 жылғы ер балалар арасында Трофим Турыжников есімді жасөспірім жеңіске жетті. Ал, 2001-2007 жылғы қыздар арасында Екатерина Ломовцева бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, 2001-2004 жылғылар арасында Никита Безручко бірінші мәреге жетсе, 2002 жылғы және одан жоғарғы ересектер арасында Артем Дыгин чемпион атанды. Сайыстағаы ең жас қатысушы 2014 жылғы Байтас Аманжол болса, ең ересек қатысушы 1989 жылғы Самат Залипов болды.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика