«Заң мен тәртіп»: құқықтық құндылықтарды дәріптейтін бейнебаян жарық көрді

Алматы облысында құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған бейнебаян түсірілді. Ведомствоның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған туынды бір тәуліктің ішінде 1 миллионға жуық қаралым жинады.

Бейнебаянның негізгі идеясы — заң талаптарын мүлтіксіз орындау және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрметті нығайту. Авторлардың айтуынша, тәртіп әрбір азаматтың «заң — ең жоғары құндылық» деген ішкі сенімінен басталуы тиіс.

«Біз заңға бағыну — жоғары мәдениеттіліктің және отандастарыңа деген құрметтің белгісі екенін жеткізгіміз келеді. Бұл — өңіріміздегі қауіпсіз өмірдің іргетасы», — деп атап өтті облыстық полиция департаментінің өкілдері.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT