Ардагер-ұстаз Қайырғали Төленбаевтың 90 жылдығына орай мұғалімдер арасында спорттық жарыстар басталды.
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің базасында ұйымдастырылған сайысқа аудан мектептерінен барлығы 16 команда қатысуда. Ашылу салтанатында аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы О.Ділмұқашева, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының аудандағы комитетінің төрағасы Қ.Ахметова, ағайындары атынан інісі А.Сәрсенұлы ардагер-ұстазды еске алып, игі тілектерін арнады.
Салалық бөлімнің сектор меңгерушісі Н.Бисенбаевтың сайыс ережесінің барысын таныстыруынан соң волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ ойындарынан сайыстар басталып кетті. Қайырғали Төленбайұлын (1930-1991), жерлестері жақсы біледі.
Ардагер-ұстаз «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Индербор кентінің орталығында көше атауы берілген.