Түркияның атышулы Анталия қаласында парадзюдошылардың халықаралық турнирі аяқталды.
Турнирде 13 мемлекеттің үкілеп қосқан 100-ден астам палуаны татами төрінде белдесті. Бабы мен бағы келіскен Қазақстан Ұлттық құрамасы командалық белдесудің жеңімпазы танылды.
Ал біздің аудан үшін қуаныштысы, парадзюдошы жерлестеріміз Ерлан Өтепов пен Темірболат Тәшекенов ұлттық құрама сапында белдесіп, жеңіске үлестерін қосқандығы.
-Ұлттық құрамада белдесіп жүрген екі шәкіртіміз де жақында Шымкентте өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысып, шеберліктерін шыңдайды. Басты мақсат – алдағы Токио параолимпиадасына жолдама тарататын Түркиядағы Гран-при турнирінде топ жару,-дейді бапкері Нариман Нұрашев сөзге тартқанымызда.
С.БАЗАРБАЕВ