80 шақырымдық бағыт: Атырауда тарихи велошеру өтіп жатыр

Атырауда республикалық деңгейдегі «Tour de Saraishyq 2025» спорттық және туристік велошеру өтуде. Спорттық жарыстың мақсаты — ішкі туризмді дамытумен қатар салауатты өмір салтын дәріптеп, белсенді демалысты қолдау,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Велошеруге қала тұрғындары, еліміздің өзге өңірлері мен шет елден келген 100-ден астам әуесқой спортшы қатысып жатыр.

Қатысушылар Ортағасырлық Сарайшық қалашығынан бастап, Атырау қаласының басты көшелері мен көрнекті нысандары арқылы өтіп, 80 шақырымдық бағытты бағындырмақ.

Спортшылар көне Сарайшықтың тарихи атмосферасын сезініп қана қоймай, Атырау өңірінің табиғи және мәдени бай мұраларымен танысуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT