Жиында еңбек дауларының алдын алу жолдары талқыланды

4 қазан күні Атырауда кәсіподақтың облыстық активі өтті. Актив жиынның жұмысына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Қазақстан кәсіподақтары федерациясы төрағасы Ералы Тоғжанов қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысында қазір 83 мың адамды біріктірген 13 салалық кәсіподақ ұйымы бар. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аймақта әлеуметтік -экономикалық салада тұрақтылық сақталып келе жатқанын атап өтті. Осы бағытта облыстағы кәсіподақ ұйымдары да көп жұмыс атқарып келеді. Кездесу барысында өңірдегі еңбек саласында қалыптасқан жағдай қаралып, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды, алдағы жұмыстардың басым бағыттары анықталды.

Ералы Тоғжанов әлеуметтік серіктестік аясында жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігіне тоқталды. Кәсіподақ қызметінің маңызды бағыттары - мекемелерде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, еңбек дауларының алдын алу және шешу. Тоғжановтың пікірінше, кәсіподақ қызметін ақпараттық сүйемелдеуге ерекше көңіл бөлінуі керек. Ақпараттық жұмыстарды белсенді жүргізу кәсіподақтың имиджін көтеріп, ел алдында беделін арттырады және сенімді нығайтады. Татуласу рәсімі институтын дамыту бойынша бірқатар шаралар атқарылуда. Жыл басынан бері медиаторлардың, адвокаттар мен кәсіподақ ұйымдары мамандарымен жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында 100 даулы жағдай қаралды. Кездесуде айтылғандай, мұндай байланыстың басты мақсаты - сотты араластырмай, азаматтардың өзара келісімге келуіне мүмкіндік беру. Салалық және жеке кәсіподақ ұйымдарының төрағалары алға қарай жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныстарын айтты.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжановтың жұмыс сапары "Жігермұнайсервис" ЖШС еңбек ұжымымен кездесумен жалғасты. Компания Қазақстанның ірі мұнайсервис кәсіпорыны. Е.Тоғжанов мекеменің өндірістік базасымен танысып, жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика