Әскердегі айрықша сәт: Ұлттық ұлан офицері туған інісінен әскери ант қабылдады

Ұлттық ұлан әскерінің қатарында сирек кездесетін, жүрекке жылу сыйлайтын ерекше жағдай Атырау қаласында орын алды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде қызмет атқаратын аға лейтенант Құдияр Сапарбек туған інісі – жас сарбаз Мағжан Сапарбектен әскери ант қабылдады.


          Аға лейтенант Құдияр Сапарбек бүгінде Ұлттық ұланның Атырау қаласында орналасқан 5546 әскери бөлімінде рота командирі лауазымында абыроймен қызмет атқарып келеді. Ал інісі Мағжан Сапарбек аталған бөлімге жас сарбаз ретінде қабылданып, әскери қызмет жолын енді ғана бастады. Қос бауыр – Шымкент қаласының тумалары.
           Жас сарбаз Мағжан Сапарбек үшін бұл күн өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі болды.
– Ағам – мен үшін бала кезден үлгі. Оның әскери қызметтегі жолын көріп өстім. Антты дәл өз ағамның алдында беру мені одан сайын жігерлендірді. Бұл – менің Отан алдындағы сертім ғана емес, отбасымның абыройын ақтау жолындағы жауапкершілігім, – дейді жас жауынгер.
          Әскери бөлім басшылығы да бұл оқиғаның тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды. Мұндай тағдыр тоғысы жастарға отансүйгіштік, әскери дәстүрге адалдық және отбасы құндылықтарының маңызын айқын көрсетпек.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 
баспасөз қызметі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT