Қазақстан Конституциясының 18 және 32-баптарына

Қазақстан Конституциясының 18 және 32-баптарына редакциялық нақтылаушы түзетулер енгізілетін болады, олар сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс құқығының кепілдіктеріне әсер етпейді. Бұл туралы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Никита Шаталов Конституциялық комиссияның үшінші отырысында мәлімдеді.

Никита Шаталов атап өткендей, 18 және 32-баптарға енгізілетін түзетулер сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс құқығының конституциялық кепілдіктерінің мәнін өзгертпейді – олар бұрынғы көлемде сақталады.

«Тек бұрын Конституцияда көзделген шекаралар нақтылануда. Яғни, біз қазір қоғам үшін өте маңызды осы нормаларды ресімдейміз. Жаңа тыйымдар туралы сөз жоқ, бұл тек қолданыстағы тепе-теңдікті дәлірек анықтау, қоғамда екіұдай түсінік пен қажетсіз алаңдаушылық тудырмау үшін», – деді депутат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT