Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Мәжіліске өткен депутаттардың тізімін таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Парламент Мәжілісіне өткен депутаттардың тізімін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 19 наурызда өткен сайлауда. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді. Осы орайда бұл партияға 4 мандат тиесілі болды.

Партияның саяси кеңесінің шешімі бойынша тізімге мына адамдар енді:

Нұрлан Әуесбаев;

Асхат Рахымжанов;

Ажар Сағандықова;

Наурыз Сайлаубай.

«ЖСДП-ның партиялық тізімі 19 кандидаттан тұрғанын атап өтеміз. Олардың бәрі кандидаттарға қатысты ҚР заңнамасы талаптарына сай келеді»,-делінген партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 27 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды. Сайлау күні 6 366 441 адам дауыс берді.

Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де өтеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз