Тазалыққа жауаптылық – ортақ мәдениет

Еліміз бойынша жарияланған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Индербор кентінде де қарқынды қолдау тапты. Табиғатты аялау, қоқысты сұрыптау, қоғамдық орындарды таза ұстап, тұрмыстық мәдениетті арттыру – бүгінде әрбір азаматтың ортақ борышына айналып келеді.

 

Осы орайда кент аумағында бірқатар тазалық шаралары ұйымдастырылып, көшелер мен аулалар ретке келтірілді. «Агро Строй Индер» мекемесі коммуналдық бағыттағы жұмысқа белсенді араласып, қар тазалау, көше бойын жинау, қалдықтарды шығару секілді жұмыстарды жүйелі түрде атқаруда.

 

Тұрғындардың да тазалыққа атсалысуы – қоғам мәдениетінің көрсеткіші. Әр отбасы өз ауласын таза ұстап, балаларға экологиялық тәрбие беруде үлгі бола білсе, кент келбеті одан әрі жақсара түсері анық.

 

Таза орта – денсаулық кепілі, ал ұқыпты қоғам – дамудың алғышарты.

Сондықтан да «Таза Қазақстан» тек акция емес, табиғатқа деген көзқарасты өзгертуге бағытталған нақты қадам.

 

Келешек үшін бүгін тазалық жасайық!

 

Дендер Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT