Біз, қазақ халқы ертеден қанымызға сіңген қасиетімізбен сыйластықты, татулықты қалайтын, ешбір пенденің ала жібін аттамаған жанбыз. Қуанышты жаңалыққа да жанымыз құмар. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА сессиясы барысында Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдум өткізу туралы идеясын да жақсы қабылдадым.
Себебі Қазақ халқын, барша қазақ-стандықтарды тағы бір тарихи өр¬леу мен серпіліс кезеңі күтіп тұр. Біз өзіміздің ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілігімізді толық сезіне отырып, республика барлық жағынан әлеммен үзеңгі қағыстырған тұста саяси және әлеуметтік зерделілік танытуға тиіспіз. Экономикасы қарыштап дамып, алдағы күндерге бүгін¬гі¬ден де зор міндеттер қойып отыр¬ған және сол мұрат-мақсаттарды іскерлікпен шешуге кіріскен Қазақстанды қазіргіден де қуатты қарқынмен дамытудың бірден-бір кепілі болған Президентімізге қолдау білдіріп, Жаңа Қазақстанды бірге құруға атсалысқанымыз дұрыс деген пікірдемін.
Мемлекет басшысы "Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз" деп өз сөзінде айтқанындай, бірлігімізді танытайық.
Кемелді бүгініміз үшін де, бү¬гіннен де сәулетті болуға лайық ертеңіміз үшін де қолдаймын.
Ақмарал БОКИРОВА,
"Дендер" газетінің сайтқа
жауапты веб-редакторы