Серік Шәпкенов: Сайлаушыларға берген уәдені уақытында орындау маңызды

Атырау облыстық мәслихатындағы «АMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы барысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов осылай деді.

Жиында партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалысы мен алдағы жоспарлары талқыланған жиын барысында жетістіктермен қатар, кемшін тұстар да сараланды.

Облыс бойынша «АMANAT» партиясының облыстық, қалалық және аудандық сайлауалды бағдарламаларының орындалуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бағдарламада аталған бағыттардың орындалысы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері, партияның фракциялары, аймақтық сайлауалды бағдарламалардың көрсеткіштері мен іс-шараларына жеке бекітілген депутаттар тарапынан бақылануда. Облыс әкімі бағдарламаның былтырғы орындалу көрсеткіштерін жариялады.
⁃ Атырау облысы бойынша 2021 жылға жоспарланған 722 іс–шараның 699 орындалды, 6-ы – орындалуда, орындалмағаны – 17. Орындалған іс–шаралардың ең көбі Жылыой, Махамбет және Қызылқоға аудандарына тиесілі,- деді Серік Шәпкенов.
Жүзеге асырылған шаралар облыс көлеміндегі елдімекендердің инфрақұрылымын жақсарту, инвестиция көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарының ашылуына оң септігін тигізді. Сапалы жол салу, елдімекендерді дамыту, бұқаралық спортты насихаттау, қоршаған ортаға оң әсер беретін іс-шараларды атқару, жастардың сапалы білім алуына жол ашу үшін жатақханамен қамту секілді маңызды жұмыстар жүзеге асты.
Облыс әкімі сайлаушылар алдында берген уәдені уақытылы, сапалы орындаудың маңыздылығын атап, жұмысты жандандыру қажеттігін жеткізіп, орындалмай қалған іс-шараларға да тоқталды. Бұған қоса, уақытылы орындалмай қалуы мүмкін шаралар мерзімін ауыстыру туралы да айтып өтті.

zhiyn4

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT