Сайлау-2023: қорытынды статистика ертең ұсынылады

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елдегі барлық учаскелерде дауыс беру аяқталды. Дауыс беру тек елден тыс жерлерде 44 учаскеде жалғасады. Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының қорытынды статистикасы ертең ұсынылады, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

Өңірлердегі учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де мәресіне жетті. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы немесе 6 млн 521 мың 860 адам бюллетеньдер алды. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз