Сайлау-2023: Бір орынға 3 кандидат таласады

сурет BAQ.KZ. сайтынан алынды

Парламент Мәжілісі депутаттығына 7 партия 283 кандидат ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 

Парламент Мәжілісіне сайлауға қатысу үшін барлық 7 саяси партия Орталық сайлау комиссиясына өз тізімдерін ұсынды. 7 партияның тізімі бойынша 283 кандидат бар. Партиялардың съездері ашық форматта өтті, - деді Петров.

Ол саяси партия партиялық тізімдерге партияның мүшесі емес адамдарды қоса алмайтынын еске салды.

Партиялық тізімге қосылғандар саны саяси партиялар арасында бөлінетін мандат санынан аспауы керек, - деп түсіндірді ОСК төрағасының орынбасары.

Саяси партиялар қанша кандидат ұсынды:

1. Қазақстан халық партиясы: 52 кандидат;
2. «Ақжол» демократиялық партиясы: 54 кандидат;
3. Жапыұлттық социал-демократиялық партиясы: 19 кандидат;
4. «Байтақ» жасылдар партиясы: 18 кандидат;
5. «Ауыл» партиясы: 25 кандидат;
6. Respubliса партиясы: 25 кандидат;
7. AMANAT партиясы: 90 кандидат.

Сөзінше, саяси партиялар кандидаттардың құжаттарын заң талаптарына сәйкес ОСК-ға ұсынды.

Партия тізіміне енгізілген кандидаттардың жалпы санының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар, - деп айтты Константин Петров комиссия отырысында.

Парламент Мәжілісінде 98 депутат болады. Олардың 69-ы партиялық тізімдер бойынша, ал 29-ы бірмандаттық аумақтық округтер бойынша сайланатынын еске сала кетейік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT