Конституциялық реформа

• Қазақстанда соңғы бірнеше онжылдықтағы ең ауқымды және маңызды саяси реформалардың бірін жүзеге асырылуда – институционалдық және құқықтық ауқымы бойынша бұл конституциялық реформаны жаңа Негізгі заңды қабылдаумен салыстыруға болады. 

• Конституциялық реформаны – елді жаңғыртуға бағытталған бұрынғы реформалардың жалғасы ретінде қабылдау керек. Бұл 2019-2021 жылдардағы төрт саяси реформа пакетіне және 2022 жылғы Конституциялық реформаға логикалық толықтыру болып табылады. Алдағы конституциялық реформа қоғамдық сұранысқа жауап береді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдаманың тиімділігі мен тұрақтылығын көрсетеді.

• Бүгін, 2026 жылғы 19 қаңтарда, Мемлекет басшысының төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының алтыншы отырысы өтті. Президент Жұмыс тобымен конституциялық реформаның негізгі тәсілдерін талқылады. Кездесу барысында қатысушылар Парламентті өзгертуге бағытталған конституциялық түзетулердің айтарлықтай ауқымын атап өтті. • Азаматтардың ұсыныстары негізінде Жұмыс тобы әзірлеген конституциялық реформаға қатысты ортақ көзқарас пен негізгі тәсілдер ұсынылды. Реформалар уақыт талабына сай саяси жүйені жаңғыртуға ықпал ететіні туралы айтылды.

• Былтыр қазан айынан бастап Жұмыс тобының отырыстарында жаңа бір палаталы Парламентке қатысты барлық мәселелер қаралды. Соның ішінде депутаттардың саны, өкілеттік мерзімі, сайлау рәсімдері, заң шығару тетіктері және басқа да мемлекеттік институттармен өзара ықпалдастық мәселелері зерделенді.

 • Талқылауға бәрін тарту үшін барлық жағдай жасалды. Конституциялық реформа бойынша өз ұсыныстарын барлық жеті саяси партия, ондаған үкіметтік емес ұйымдар, бизнес құрылымдар, құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар мен азаматтар берді.

• Әрбір азаматқа реформа бойынша өз ұсынысы мен пікірін білдіруге мүмкіндік берілді. «e-Otinish» платформасында «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлім ашылды. Бүгінгі күнге дейін азаматтардан, сарапшылардан, белгілі ғалымдардан және қоғам қайраткерлерінен 600-ден астам ұсыныс келіп түсті. Бұл жоғары заң шығарушы органның болашақ моделін талқылауға қоғамның белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, маңызды көрсеткішке айналды.

 • Өтініштерді талдау нәтижесі авторлардың айтарлықтай бөлігінің бір палаталы Парламентке көшу идеясын қолдайтынын көрсетті. Олардың пікірінше мұндай өзгерістердің арқасында заң шығару процесінің әлдеқайда тез болады, құзыреттер қайталанбайды, бюджет шығындары қысқарады, заң шығару қызметіндегі ашықтық артады. Сонымен қатар, толық пропорционалды парламенттік жүйеге көшуге сұраныс үнемі айтылып келді.

• Кездесуді қорытындылай келе, Мемлекет басшысы конституциялық реформа бойынша талқылаулардың басталғалы бері алты айға жуық уақыт өткенін атап өтті. Осы уақыт ішінде қоғамда елдің жоғары заң шығарушы органының алдағы трансформациясының мақсаттары мен міндеттері туралы нақты түсінік қалыптасты.

• Мемлекет басшысы қыркүйектегі халыққа Жолдауынан бері болып жатқан қоғамдық пікірталасты мұқият бақылап отырғанын атап өтті. Президент талқылаулардың барлық нәтижелерін, сарапшылардың пікірлерін, ұсынылған түзетулер мен конституциялық реформа бойынша азаматтардың көптеген ұсыныстарын егжей-тегжей қарап жатыр. • Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бұл мәселе бойынша өзінің нақты идеяларын ертеңгі Ұлттық Құрылтай отырысында ұсынатынын мәлімдеді. Президент атап өткендей, елде түбегейлі жаңа саяси модель қалыптасып келеді. Парламенттік реформаны жүзеге асыру Конституцияның бірнеше бөлімін бірден қайта қарауды талап етеді. Жұмыс тобы ұсынған түзетулердің жобасы, шын мәнінде, Қазақстанның жаңа Конституциясы қарастырылады дегенді білдіреді.

 • Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы бұған дейін конституциялық реформа Парламент құрылымына техникалық түзету ретінде емес, мемлекет пен қазақстандық қоғамның болашағына тікелей әсер ететін жүйелі мәселе ретінде қарастырылатынын мәлімдеген болатын.

• Өткен жылдың қазан айының басында сарапшылар, жетекші заңгерлер, ғалымдар, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын арнайы Жұмыс тобы құрылды. Мұндай инклюзивті формат әуелден жоғары деңгейдегі талқылауды қамтамасыз етті.

 • Сонымен қатар, реформа тек Сенатты таратумен шектеліп қалмайды, биліктің бүкіл өкілдік тармағын терең жаңартуды білдіреді. Нәтижесінде, Қазақстан Мемлекет басшысы айқындаған «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сәйкес ашық, ширақ және кәсіби Парламентке ие болады. • Жалпы алғанда, конституциялық реформаны талқылау мазмұнды және белсенді сипатқа ие. Талқылаулар алты айдан бері жалғасып келеді. Ал бүгін Жұмыс тобының алтыншы отырысы өтті. Азаматтардың, саяси партиялардың, сарапшылардың және қазіргі парламент мүшелерінің талқылауға белсенді қатысуы алдағы саяси трансформациядан үміті зор екенін айқындайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT