ҚҰДЫҚ СУСЫЗ, ЖЕР ҚҰНАРСЫЗ,  МАЛ ҚАЙТІП КӨБЕЙМЕК?..

ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ «TURKISTAN» ГАЗЕТІНЕ БЕРГЕН СҰХБАТЫНДА: «ШАРУАЛАРҒА 2024 ЖЫЛЫ 580 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ, БЫЛТЫР 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ. БҰЛ – ӨТЕ ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ. СОҢҒЫ ОН ЖЫЛДА ШАРУАЛАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚОЛДАУДЫҢ КӨЛЕМІ 10 ЕСЕ АРТТЫ, БІРАҚ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ КҮМӘН ТУДЫРАДЫ. 2015 2024 ЖЫЛДАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 2,5 ЕСЕДЕН АСТАМ ӨСТІ. БҰЛ КӨРСЕТКІШТІ ОДАН ДА КӨБЕЙТУГЕ БОЛАР ЕДІ», ДЕГЕН БОЛАТЫН. ШЫН МӘНІСІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА    МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ АЗ БОЛҒАН ЖОҚ. БІРАЗ ЖЫЛ ДАН БЕРІ «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚ АРҚЫЛЫ ТӨМЕН БАҒАМЕН НЕСИЕ БЕРІЛІП КЕЛСЕ, «ҚАЗАГРОФИНАНС» ШАРУАҒА ҚАЖЕТ ТЕХНИКА БЕРДІ. БҰДАН БАСҚА ДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ МЕН ІРІ САБАҚТЫ МАЛ АЗЫҒЫНА ДА МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН СУБСИДИЯ БЕРІЛГЕНІ БЕЛГІЛІ. ЕСЕСІНЕ НЕСИЕГЕ КӨП ЖУЫМАЙ ӨЗ КҮШІНЕ СЕНГЕНДЕРДІҢ ДӘУЛЕТІ ТАСЫП КЕЛЕ ЖАТЫР. АЛАЙДА ҚҰДЫҚТЫҢ СУЫ ТАРТЫЛЫП, ЖАУЫН-ШАШЫН АЗАЙЫП, ЖЕРДІҢ ҚҰНАРЫ КЕТІП БАРА ЖАТЫР. СОНДА ҚАЙТПЕК КЕРЕК?

«ШАРХАТТАҒЫ» ІС ШАТҚАЯҚТАП ТҰР

 Енді соңғы он жыл көлемінде өңірде іске қосылған ірі жобалардың біріне тоқталайық. Айталық 2014 жылы мамыр айында сол кездегі Атырау облысының әкімі Б.Ізмұқамбетовтің қатысуымен Көктоғай округіне қарасты батысқа қарай 15 шақырым қашықтықтағы «Шархат» қыстауында қымыз бен шұбат өндіретін кешен ашылды. Онда шұбат пен қымызды алдымен бөлек бөлек 1 тонналық қазанға қыздырады. Суытылған соң арнайы зертханадан өтіп барып, 1 литрлік құтыға құйылып, тұтынушыға жол тартады. Кешен италияндық және ресейлік технологи ялармен жабдықталған еді. Сол кезде осы істің иесі «Алға мал шаруашылығы кешені» Ақеділ Шалқаров «Агробиз нес-2020» бағдарламасы аясында «Каспий ӘКК» арқылы 10 жылға 6 пайызбен 110 миллион теңге неси еге ие болып, бұған өз қорынан 115 млн қосып, барлығы 225 млн-ның жобасына тәуекел еткенін, қажетті қондырғылармен қоса, 142 бие, 42 түйе сатып алғаны, 25 адам толық жұмыспен қамтылғаны, сондай-ақ 50 га картоп, 10 га-ға көкөніс еккені ту ралы мәлімет газеттің 2014 ж. 22 ма мыр №19 санында сақтаулы тұр. Кейін мемлекет газ жүйесін тартып берді. Электр энергиясы келіп тұр. Облыс басшысы көмектесіп, өнімі өтіп, суб сидия алып тұрған. Енді сол шұбат пен қымызға қарық қыламыз деген арманы асқақ кешеніміздің бүгінгі халі қалай? Өкінішке қарай мүшкіл болып шықты. Шаруашылық төрағасы А.Шалқаровқа хабарласқанымызда, алып іс құлдырауға айнала бастағанын білдік. – Мемлекеттен қолдау жоқ. Бұрын облыс әкімі Б.Ізмұқамбетов өніміміздің өтуіне, субсидия алуға көмектесіп тұрды. Жем, шөп қымбат. Жұмысшымның ақысы бар беретін. Сондықтан малымның көбін сата келдім. Өндіріс тоқтады, – дейді ол. Яғни шаруа шатқаяқтап тұр. Сонда бюджеттен бөлінген жүздеген миллион халықтың қаржысы желге ұшқаны ма? Бұған кім жауапты?

«СУБСИДИЯҒА ҚАРСЫМЫН»

– Мен субсидияға қарсымын. Малдың не екенін білмейтін байларға қаржы беру дұрыс емес деп ойлаймын. Одан да шаруасын жаңа бастаған қожалықтарға төменгі бағамен несие берсін.           Мысалы, мен субсидия алмаймын,-дейді

«Уәли-ата» шаруа қожалығының бас шысы Қанат Бисенғалиев. Шаруагер сөзінің жөні бар. Өйткені ол о баста адал еңбегімен отбасымен жұмыла жүріп, 4 інген сатып алып, соның шұбатын сатып, қожалығын аяғынан тік тұрғызды. Бүгінде төрт түлігі сайлы. Үкімет маған не береді екен деп телміру жоқ. Осындайда бюджет тен миллиондап субсидия алып, біраз игілігін көргендер қиындыққа келгенде шыдай алмай жатқан жоқ па екен де ген де ой келеді. Мүмкін оның да басқа себептері бар шығар. Президент: «Әлбетте, субсидия лар керек. Әсіресе қазіргі кезеңде өте қажет. Бірақ мұның кері әсері де бар. Себебі масылдық пиғыл туғызып, ауыл шаруашылығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан қазір Үкімет коопе ративтерге, яғни шаруалар бірлестігін құруға қайта оралып жатыр» деген бо латын. Осы жердегі масылдық пиғыл дегеніміздің өзі «ал құдай, аузыма сал құдай» дегеннің көрінісі емес пе? Есектің артын сүртіп, мал та уып, «өзім дегенде өгіз күшім бар» дегендердің әне, шаруасы шалқып бара жатыр. Яғни жер де иілгенге иіліп, шалқайғанға шалқайып тұр-ау.

ТІРШІЛІК КӨЗІН ҚАЙДАН ІЗДЕЙМІЗ?

Мал шаруашылығын дамыту керек, әрине. Бірақ кеңес өкіметі кезіндегідей социалистік міндеттеме алып, жарысқа түсетін заман келмеске кеткелі қашан?! Дәуір көшкен сайын дәуренін бірге әкетіп, әр уақыт өзіне тиесілі еншісімен көшін өткізеді. Сол сияқты даланың да күйі қазір мәз емес. Баяғы қара төбелер атанша шөгіп қалған. Ал құдықтың суы тартылып кеткен. Сусыз жерде тіршілік қайдан болмақ? Сол қырда Жүзқұдық, Жүндіқұдық деген тарихы әріден келе жатқан әйгілі құдықтар болған. Қырдағы жұрттың қызылкеңірдек болып қонысқа таласатынының басты себебі де осы еді. Сол кездің арнайы құдықшылары жер бедеріне қарап жүріп, су шығатын жерді белгілейтін. Қазір жағдай өзгеше. Техникамен іздейміз. Бүгінде шаруашылықпен айналысам дегендерге конкурс арқылы жер беріледі. Алайда ол жерден құдық шыға ма, жоқ па оған бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Аудандық фермерлер одағының төрағасы Мұрат Ілиясов мал шаруашылығымен айналысу қиындап бара жатқанын, негізгі мәселелер айтылып жүргенін, сондықтан «қалауын тапса қар жанар» дегенді басты назарға ұстаған дұрыс дегенді айтады.

 – Құдықтың суы түбегейлі тартылып кеткен жоқ. Рас, ашып кеткені шындық. Дегенмен әркім қал-қадерінше су көзін тауып лаждап отыр. Жауын-шашынды жылдары қалыпқа келеді, – дейді «Нүрет» шаруа қожылығын дөңгелентіп отырған М.Ілиясов. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Абай Абдировтің айтуынша, құдық қазғандарға мемлекет тарапынан қаржы төлеу болған. Бірақ құжаттағы қисынсыздар салдарынан төленбеген тәрізді. Арнайы техника жалдап қаздыратындар өз бетінше қамданыс жасайды.

ЗАМАНАУИ ҮЛГІ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

 Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәмбетқали Құсайыновтың айтуынша,        азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал басын көбейту мақсатында соңғы кездері тым жақсы жобалар іске асқалы отыр. Мемлекет тарапынан қолдау да жоқ емес. Мысалы, "Ауыл аманаты" бағдарламасының аясында 2023 жылы 35 жеке тұлға 2.5 пайыз бен 260 млн теңге жеңілдетілген несие алған. Ал 2024 жылы бұл бағдарламаға қаражат бөлінбегенмен. 2025 жылы Елтай ауылдық округінен "Адал -ІС" ауыл шаруашылығы кооперативі 31 млн теңге алған. Президент тапсырмасына орай ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін Премьер-министр ауыл шаруашылығы министрлігіне нақты шаралар қабылдауы үшін бір апта уақыт берді. Яғни ет өндірісі мен экспортының көлемін арттыру жөніндегі нақты шаралармен бірге, мал шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу міндеті қойылды. Сондай-ақ шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін кеңейту тапсырылды. Қайткенде де ауыл шаруашылығына заманауи үлгіні жасқанбай енгізу - бәсекеге қабілеттіліктің негізі болмақ. Қалада жатып қой бағып, субсидияға семіретіндер болса, оларды даланың киесі қағарын ұғатын уақытта келді. Иә, «адамнан қулық артылған ба?» деген, жалған құжат жинап, мемлекеттің қаржысын қармап қалу сынды құлқын құмарлықтың салдары жайында жүрген шаруашылықтарға да тиіп кететіні бар. Сондықтан уайымсыз ішкен қара су да ас дегенге ұйып оты рып ұтымды қадам жасағанның ұтары мол болары анық. «Таныстың берген түйесінен тәңірдің берген тоқтысы артық» демей ме дана халқымыз.

Ж.ИСЛАМҒАЛИҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT