Атырауда жол сақшылары қолайсыз ауа-райына байланысты 5000-ға жуық көлікті сүйемелдеу арқылы жөнелтті

Атырауда 14-17 қаңтар күндері облыс аумағында республикалық маңызы бар Атырау–Орал және Атырау–Астрахань тасжолдарында жолдың тайғақтығы мен көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Жол бойында жиналған 5000-ға жуық көлікті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері сүйемелдеу арқылы қауіпсіз түрде жөнелтті.

 

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол сақшылары алдын алу және түсіндіру жұмыстарын күшейтті.

 

Құрметті көлік жүргізушілері!

Ауа райының өзгеруіне байланысты 112 арнасы арқылы жолданатын ескертулерге назар аударып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қауіпсіздікті бірінші орынға қоюды сұраймыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT