Реформалар жүйелі жүзеге асуы керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы реформаларды жүйелі жүзеге асыру қажеттігі ерекше атап өтілді. Бұл – уақыт талабынан туындаған маңызды қадам. Себебі, ескі үйлерді күтіп ұстау, олардың инженерлік жүйелерін жаңарту бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналды.

 Менің ойымша, Жолдауда айтылған «заң мен тәртіп – мемлекеттігіміздің тірегі» деген ұстаным тұрғын үй қатынастары саласында да іске асуы тиіс. Тұрғындар төлемді уақтылы жасаса, қызмет көрсетушілер сапаны арттырса ғана ортақ сенім қалыптасады. Сондықтан Президент көтерген бастамалар халықтың тұрмысын жеңілдетуге, ал саладағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Егер тарифтер әділ бекітіліп, үйлердің күтіміне нақты жұмсалатын болса, тұрғындардың да сенімі артады. Бұл ретте Жолдауда көрсетілген әлеуметтік әділеттілік пен айқындық принциптері басшылыққа алынуы керек. Президентіміздің бұл бастамасын толық қолдаймын, себебі ол тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.

Гүлнар САЛИХОВА,

«Ақжол Темір» ЖШС директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT