Президент бастамалары – өңір өркендеуінің негізі

Тәжікстанда өткен екінші «Орталық Азия – Ресей» саммиті – аймақ елдері арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа белесі болды. Бұл жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған айқын саясатын көрсетті.

Мемлекет басшысы айтқандай, Орталық Азия – әлеуеті зор, өзара сенім мен тату көршілікке негізделген өңір. Мұндай жоғары деңгейдегі кездесулердің нәтижесі ел ішінде де оң серпін береді. Мәселен, еліміздің батыс аймақтарында, соның ішінде Индер ауданында да көрші елдермен бірлескен экономикалық және мәдени жобаларға жол ашылуда.

Индер өңірі табиғи ресурстары мен өндірістік әлеуеті арқылы ел экономикасының бір саласында маңызды орын алады. Осы әлеуетті тиімді пайдалану – тек ауданның емес, тұтас елдің дамуына үлес қосу деген сөз. Сол себепті Президент атап өткен өзара қолдау мен сенімге негізделген байланыс Индер секілді аймақтардың өркендеуіне де игі ықпал етеді.

Саммит қорытындысы – елдер арасындағы достық пен өзара түсіністіктің нығая түскенінің айғағы. Бұл бағыттағы ынтымақтастық алдағы уақытта да өңіріміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына жаңа мүмкіндіктер әкеледі деп сенеміз.

 

Серік Жұқиев

ардагер

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT