Министр брифингте ауру белгісі бірден білінбеуі мүмкін екенін айтты (ВИДЕО)

Ауру белгілері бірден білінбеген адам үйде отырмаса – басқалардың обалына қалады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты.

«Италияда бір күнде 969 адам осы вирустан көз жұмды. Мұның бәрі сақтық шараларына салғырт қараудың нәтижесі. Бұл жағдай бәрімізге сабақ және ескерту болуы керек. Коронавирус әсіресе жасы үлкен адамдарға қауіпті. Олардың ішінде атамыз бен әжеміз, атамыз бен анамыз бар. Өзіміз үшін қорықпасақ та, ең болмаса сол үлкендерімізді ойлайық», – дейді ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.

Ол кейбір адамда ауру белгісі бірден білінбеуі мүмкін екенін айтты.

«Мұндай жағдайдада адам үйде отырмаса, басқаларға жұқтырғанын өзі білмей қалады. Осылайша ондаған отбасының обалына қалуы мүмкін. Осындай жағдайдан сақ болайық. Қазіргі уақытта вирусқа қатысты ең тиімді күрес – карантин режимін сақтау», – дейді ол.

Елімізде коронавирустан 13 адам жазылып шықты

Atr.kz сайтынан

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика