Атырауда “Іздестіру” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Атырау облысында 2025 жылғы 15–17 қазан күндері аралығында ішкі істер органдарының ұйымдастыруымен “Іздестіру” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекетаралық және халықаралық іздеуде жүрген адамдарды анықтау, олардың орналасқан жерін табу және ұстау, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру және белгісіз мәйіттердің жеке басын анықтау болып табылады.

Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер тиісті тексерулер жүргізіп, іздеудегі тұлғалар туралы деректерді нақтылау бағытында кешенді жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, Атырау облысы аумағында жүрген азаматтарға заңды талаптарды сақтау  қажеттілігі түсіндірілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT