Атырау облысы Полиция департаментінің нұсқауына сай, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру үшін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға және рецидивтік қылмыс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың табысты әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу мақсатында, Индер ауданы аумағында ағымдағы жылдың 6 қазан – 6 қараша күндері аралығында республикалық «Жаңа жол» акциясы өткізілуде.
Аталмыш іс-шара аясында, аудандық жергілікті атқару органдары, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау бөлімі, пробация қызметі және т.б. қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, «Чек-Ап» кешенді әлеуметтік бейімдеу жөніндегі пилоттық жобаға қатысу үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған бір адамды дербес сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі.
Іс-шара өткізу кезеңінде, негізгі мақсат – маңызды әлеуметтік кедергілерді жою:
– құжаттармен қамтамасыз ету (жеке басын куәландыратын құжат, тіркеу
және т.б.);
– жұмыспен қамту қызметінде есепке қою, оқыту, жұмысқа орналасуға көмек көрсету;
– медициналық көмек көрсету;
– әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, субсидиялар мәселелері
бойынша консультациялар;
– отбасылық байланыстарды қалпына келтіруге жәрдемдесу, қажет
болған жағдайда психологқа немесе дағдарыс орталықтарына жолдау;
– тұрғын үй мәселелерін шешуге көмек көрсету болып табылады.
Ғ.Жұмағалиев,
Индер АПБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры