Еңбегімен ел мерейін өсірген жандар

Жұмысшы маман – қоғамның көрінбейтін қаһарманы, ауданның ажарын айшықтайтын негізгі күш.

Ауданымызда да осындай өз ісіне адал, еңбекқор азаматтар аз емес. Олар таң атпай жұмысқа кірісіп, қарапайым тіршіліктің ырғақты тынысын сақтап жүрген жандар.

Жұмысшы мамандардың еңбегі – ауыл мен ауданның тұрақты дамуының кепілі. Күн сайын жол жөндейтіндер, жарық тартатындар, үйлер тұрғызатын құрылысшылар, трактор тізгіндеген механизаторлар мен дәнекерлеушілер – барлығы да туған жердің игілігі үшін тер төгіп жүр.

Махамбет ауданындағы әрбір нысанның, әрбір игіліктің артында еңбек адамының маңдай тері жатыр. Олар қиындыққа мойымай, істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарайды. Қыстың суығында, жаздың ыстығында да жұмысын тоқтатпай, туған жердің көркеюіне үлес қосып келеді.

Осындай еңбекқор жандардың арқасында ауданымыз көркейіп, ауылдарымыз ажарлануда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында: «Еңбек адамын құрметтеу – ел дамуының басты белгісі» деп атап өткен еді. Бұл сөздер бүгінгі өмірмен үндесіп тұр. Себебі, еңбек ету – тек нәпақа табу емес, ол – елге қызмет етудің, өз борышыңды өтеудің көрінісі.

Ауданның еңбек майталмандары – елге үлгі, ұрпаққа өнеге. Олар еңбегінің арқасында ауылды алға жетелеп, ауданның дамуына үлес қосып отыр. Осындай қарапайым жұмысшы мамандардың еңбегін бағалау, құрметтеу – баршамыздың парызымыз.

Еңбектің қадірін түсінген елдің болашағы жарқын. Сондықтан ауданымыздағы әрбір еңбек адамының жұмысы – тек кәсіби міндет емес, ол – туған жерге деген сүйіспеншіліктің айғағы.

Бүгінгі еңбек адамдарының маңдай тері мен табандылығы – ауданымыздың болашағына бағытталған ең үлкен инвестиция.

Ж.Избасаров,

Аудан тұрғыны, зейнеткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT