Мемлекет басшысының елге арнаған әр Жолдауы сөз жоқ, даму бағытымызды айқындап берген басты құжат болып табылады. Жолдауда берілген тапсырмаларды табысты іске асыру – бірінші кезекте, жергілікті деңгейде жүйелі әрі нақты жұмыс жүргізуді талап етері анық. Осы тұрғыда ауданда бірқатар шаралар қабылданып, жұмыс өзектілігі де артып келеді.
Бүгінде ауданымызда инвестициялық белсенділік байқалады. Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 20 млрд. 131 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті. Негізгі өсім өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған ірі жобалармен тікелей байланысты Сонымен қатар жалпы құны 898 млн.теңге құрайтын әртүрлі кәсіпкерлік бағытта 17 шағын жоба іске қосылып, онда 36 адам жұмыспен қамтылды.
Инвесторлармен бірлесіп іске асып жатқан жобалар қатарында ауыл шаруашылығы бағытындағы агроөнеркәсіп кешенін атап өтуге бо- лады. Жобаның құны 4 млрд. 900 млн. теңге, ашылатын жұмыс орны – 120 адам. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, жаңбырлатқыш құрылғылар орнатылып, инженерлік желілер тартылуда (су, жарық, газ желілеріне техникалық шарттар алынды). Май зауытына АПЗ құжаты дайындалды.
Жобаны іске асыру үшін жер учаскесінің конфигурациясын өзгерту жұмыстары аяқталып, мемлекеттік акт берілді. Сонымен қатар 10 дана жаңбырлатқыш құрылғылар сатып алынды. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпора- циясы арқылы жеңілдетілген пайызбен несие алу үшін құжаттар тапсырылып, нәтижесі күтілуде. Қазіргі таңда жол төсеу жұмыстары жүргізілуде. Зауыттың іргетасы қағылып, құрылыс алаңында жерді түзету және дайындау жұмыстары жалғасуда. Жаңбырлатқыш құрылғыларды орнату үшін 10 нүктеге цемент негіз (опалубка) құйылды.
Ал 2 жаңбырлатқыш құрылғылардың металл бөлшектері жеткізілді, монтаждау жұмыстары жуық арада басталады. Жоба аясында контейнерлік құрылым орнатылады. Нәтижесінде жергілікті тұрғындардан 8 адам жұмыспен қамтылды.
Үмітқалиева Айгүл Аралбайқызы
Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм
бөлімінің басшысы