АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, онда Министрлер кабинетінің мүшелері аса маңызды 2 мәселені талқыға салады.
Сонымен отырыстың күн тәртібіне мына мәселелер шығарылып отыр:
- геология және жер қойнауын пайдалану саласын дамыту және цифрландыру шаралары;
- халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, онда Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов пен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков БАҚ өкілдері тарапынан туындайтын сауалдарға жауап береді.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында елімізде ауқымды аэро-геофизика зерттеулері әбден ескіргене назар аудартып, геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуді тапсырған еді.
Фото: Kazinform
- Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады. Әрине, ғылыми негізі болмаса, барлау жұмысын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Келесі жылдың ортасына дейін озық халықаралық стандарттарға сай сертификаты бар зертхана ашу керек. Оны Ұлттық геологиялық қызметтің базасында құрған жөн. Жер қойнауына қатысты мәліметтің бәрін, ең алдымен, жасанды интеллектіні енгізу арқылы жүйелеп, цифрландыру қажет. Геологиялық барлау және жер қойнауын игеру саласындағы реформалардың заң жүзіндегі және іс жүзіндегі рәсімдерін жыл соңына дейін аяқтау керек, - деген еді Президент.
Ақмарал Әлназарова
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Осы жылдың қазан айында өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арттыратын жоба іске қосылатынын айтты.
— Келесі жылдың басынан бастап жеке дәріхана ұйымдары арқылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді орталықсыздандыру жобасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жоба халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттырып, оларға қажетті препараттарды таңдау мүмкіндігін береді, — деген еді министр.
Церебральды сал ауруы бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмекті бұрынғы көлемде алады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәрі-дәрмек бағасын қалыптастырудағы ашықтықты арттыру мақсатында шекті бағаларды есептеу механизмі қайта қаралды.
Артық шығындар алынып тасталып, балама дәрілер бағасы түпнұсқа дәрілердің құнының 30%-ына дейін төмендетілген. Тек шығыны жоғары ТОП-20 позиция бойынша ғана күтілетін үнем шамамен 12 млрд теңгені құрайды. Жалпы алғанда Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және МӘМС шеңберінде шекті бағалардың төмендеуі шамамен – 19%, ал көтерме және бөлшек сауда сегменттерінде – 30%.
Дәрі-дәрмекті тіркеу мерзімі 100 жұмыс күніне дейін жеделдетілді. Ал реттеушілік беделі жоғары елдер үшін (АҚШ, ЕО, Ұлыбритания, Жапония) бұл мерзім «Бір терезе» қағидаты бойынша 15 күнге дейін азайтылды.
Отандық фармацевтика өндірісі белсенді дамып келеді. 2029 жылға қарай қазақстандық дәрі-дәрмек үлесі 50%-ға жетуі тиіс. Бүгінде 210 өндіруші тіркелген, олардың 43-і дәрілік препараттар шығарады. Былтыр өндіріс көлемі – 21,8%-ға, инвестиция – екі есеге, ал экспорт – 32,9%-ға артты.
у
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Отандық кәсіпорындармен 90 ұзақмерзімді келісімшарт және әлемдік фармацевтикалық компаниялар – Pfizer, Hoffmann-La Roche және AstraZeneca-мен үш келісімшарт жасалды. Жалпы құны 400 млрд теңгеге жуық тоғыз инвестициялық жоба қарастырылып жатыр. Фармацевтика нарығының жылдық өсімі 10-13% деңгейінде деп бағаланады.
Айта кетейік, өткен аптадағы Үкімет отырысында 2025 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы шығарылып, спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау мәселелері пысықталған болатын.
Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың дерегінше, 16 млн гектар алқаптан гектарына 17 центнер орташа өнімділікпен 27 млн тонна астық қамбаға құйылды.
Айдарбек Сапаров
Фото: Үкімет
Бидай 12,2 млн гектардан жиналып, 20,3 млн тоннасы бастырылды – бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион тоннаға көп. Егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде бидайдың егіс көлемі шамамен 900 мың гектарға қысқарғанымен, өндіріс көлемі азаймай, керісінше артты. Диқандар 4 млн тоннаға жуық арпа жинады. Ал бұршақ дақылдарының түсімі алғаш рет 1 млн тоннаға жетіп отыр.
- Майлы дақылдар бойынша бүгінгі күннің өзінде рекордтық 4,3 млн тонна жиналды және егін жинау жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар 2,9 млн тонна картоп, 3,8 млн тонна көкөніс, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Мақта жинау жұмыстары аяқталды. Тамшылатып суаруды қолдану арқасында кейбір шаруашылықтар гектарынан 50 центнерге дейін өнім алды. Жалпы алғанда, орташа өнімділік 30 ц/га деңгейінде қалыптасып, 428 мың тонна шитті мақта жиналды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 42% көп. Осыған байланысты әкімдіктерге мақта өсірудің дәстүрлі тәсілдерінен озық және тиімді технологияларға көшу бойынша жұмысты күшейту қажет, - деді Айдарбек Сапаров.
Оның айтуынша, Қазақстан астығы Бельгия (10,6 мың т), Португалия (14,2 мың т), Польша (4,9 мың т), Норвегия (13,6 мың т), Ұлыбритания (3 мың т), Вьетнам (17,7 мың т), Біріккен Араб Әмірліктері (1,6 мың т) және Солтүстік Африка (Марокко (162 мың т), Алжир (181 мың т), Мысыр (11,6 мың тн)) елдеріне жеткізілді. Иран (738,3 мың тн), Әзербайжан (542,5 мың тн), Армения (1 мың тн) және Грузия (76,3 мың тн) бағыттарына экспорт қайта жанданды.
Биыл ерте жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті.
Марокко Еуропалық Одақтағы ең ірі тыңайтқыш жеткізушіге айналды
Фото: АЗЕРТАДЖ
Вегетациялық кезеңнің қорытындысы бойынша 1,8 млн тонна минералдық тыңайтқыш енгізілді, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 56%-ына тең. Элиталық тұқымдардың үлесі 9,5%-дан 11,5%-ға дейін өсті. 1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінім қабылдау басталды. Қарашаның екінші онкүндігінен бастап шаруаларға револьверлік кредит беру ашылады. Бұл бір кепілдікпен жыл сайын несие алуға мүмкіндік береді.
Осы орайда Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында келесі жылғы егіс науқанына дайындықты күшейтуді тапсырды.
Олжас Бектенов
Фото: Ағибай Аяпбергенов/Kazinform
- Келесі егін егу науқанына дайындықты қазірден бастау керек. Облыс әкімдіктері 2026-шы жылы кемінде 2,3 миллион тонна минералды тыңайтқыш себуді қамтамасыз етулері қажет. Өнеркәсіп министрлігі егіншілерге қажетті тыңайтқыш көлемін отандық өнім өндірушілермен алдын ала пысықтап алғаны жөн. Әкімдіктер тыңайтқыштарды жеткізу үшін уақтылы шартқа отырып, қоймаларда олардың жеткілікті қорын қамтамасыз етсін, - деді ол.
Сондай-ақ Үкімет басшысы мынадай нақты тапсырмалар берді:
Біріншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, форвардтық келісімшарттар аясында диқандардың азық-түлік корпорациясына бидайды уақтылы жеткізу бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Жасақталған қор кейін еліміздің ішкі сұранысын өтеуге жұмсалады.
Екіншіден, келесі егін егу науқанына дайындықты қазірден бастау керек. Облыс әкімдіктері 2026 жылы кемінде 2,3 миллион тонна минералды тыңайтқыш себуді қамтамасыз етулері қажет. Өнеркәсіп министрлігі егіншілерге қажетті тыңайтқыш көлемін отандық өнім өндірушілермен алдын ала пысықтап алғаны жөн. Әкімдіктер тыңайтқыштарды жеткізу үшін уақтылы шартқа отырып, қоймаларда олардың жеткілікті қорын қамтамасыз етуі керек.
Үшіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірге 2026 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыруды бастап кетті. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қамту үшін аржыландырудың қолда бар құралдарын тиімді және ашық пайдалануды қамтамасыз ету қажет.
Ал екінші мәселе бойынша сөз сөйлеген Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, еліміз бойынша 14 жаңа стадион салу қажет.
а
Фото: Артем Викторов / Kazinform
Олардың 10-ы бойынша жобалау-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Жұмыс істеп тұрған 7 стадионды қайта жаңарту керек. Бұл ретте Қарағанды және Орал қалаларында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Атырау және Ақтау қалаларында жобалау құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Өскемендегі стадион жобасы сараптамадан өтуде. Алматы және Жезқазған қалаларында 2 стадион бойынша жобалау құжаттарын әзірлеу қажет.
- Елде 7 432 футбол алаңы бар, оның 1 420-сы жөндеуді қажет етеді. Қосымша қажеттілік – 1 694 алаң. Осыған байланысты министрлік балалар футбол алаңдарын салу жоспарын бекітті. Жергілікті бюджет пен жеке инвестициялар есебінен 685 жоба іске асуда, - деді министр.
Генеральный секретарь казахстанской федерации футбола
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Ал Қазақстан Футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория жекешелендірілетін футбол клубтарын атады.
- Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайтың 4-отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанның Футбол федерациясы кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру бағытында жұмыс істеп жатыр. 2025 жылы 30 қазанда «Қайсар» футбол клубы ресми түрде жеке меншікке өтті және «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың басқаруына берілді. Қалалық әкімдік футбол академиясын салу үшін жер телімін бөлді. Инвестицияның жалпы көлемі 12 млрд теңге, - деді ол.
Оның айтуынша, «Қызылжар СК» футбол клубын жеке меншікке беру процесі осы жылдың 15 қарашасында аяқталады. Инвестор жыл сайын клубты, инфрақұрылымды дамытуға, жас ойыншыларды дайындауға кемінде 1 млрд теңге бөлуге міндеттеме алып отыр.
Футбольные клубы Казахстана продадут олигархам: раскрыты имена
Фото: pixabay
Осы ретте Олжас Бектенов 8 өңір әкіміне футбол клубтарын жекешелендіру жұмысын күшейтуді тапсырды.
- Футбол клубтарын жекешелендіру туралы Президент үндеуіне кәсіпкерлер үн қосып жатыр. Біз кәсіпқой спорт үшін сапалы резерв құруымыз керек. Спорт мектеп-интернаттарының дамуына да көңіл бөлу қажет. Бірқатар өңірде, мысалы, Ұлытау, Абай, Алматы және Қостанай облыстарында әлі күнге дейін мұндай мекемелер жоқ. Атырау облысында спорт мектеп-интернатын салу жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатыр. Аталған оң тәжірибені пайдалануға болады, - деді Олжас Бектенов.
Дмитрий Баландин жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ҰОК
Қазақстан Су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин 2026 жылы Алматы мен Астана қаласының орта білім бағдарламасына жүзу спорты енгізілетінін атап өтті.
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2024 жылы әлемде 235 мыңнан астам адам суға батып кетті, оның 82 мыңы 1-ден 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл цифр халықты қарапайым жүзу дағдылары мен суда қауіпсіздік тәртібін оқытудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігімен бірге бағдарлама енгізу жұмысы істелініп жатыр. Оның аясында жүзу сабағы дене тәрбиесі жүйесіне енгізіліп, мектеп бағдарламасының бір бөлігіне айналады, - деді Д.Баландин.
Отырыстың күн тәрбініне шығарылған мәселе талқыланып болғаннан кейін Премьер-министр бірқатар нақты тапсырма берді.
- Бірінші, өңір әкімдіктері мен Туризм және спорт министрлігіне биылғы 20 желтоқсанға дейін Спорт инфрақұрылымы мен бұқаралық спортты дамытудың 2026–2028 жылдарға арналған жол карталарын әзірлеп, бекітуді тапсырамын. Екінші, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Шымкент және Астана қалаларының әкімдері футбол клубтарын жекешелендіруге инвесторлар тарту жұмысын күшейтсін. Үшінші, өңір әкімдіктері бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Қолжетімді спорт» жобасын іске асырып, жаттықтырушы-нұсқаушылар санын, әсіресе ауылдық жерлерде арттыру мәселесін қамтамасыз етсін, - деді Үкімет басшысы.
https://kaz.inform.kz/news/ukmet-halikti-dar-darmekpen-kamtamasiz-etu-zhayin-talkilaydi-102c03/

