Кеңесте 4 мәселе қаралды

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді. 

Кеңес отырысында күн тәртібіне сәйкес 4 мәселе болды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Құрманғазы ауданының Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы З.С.Жоламановаға қатысты тәртіптік іс қаралды.

З.С.Жоламанова ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының талаптарының бұзылуына жол беріп, шешім қабылдау барысында заңды тұлғаға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткендігі анықталды. Осыған орай, Кеңес шешімімен Құрманғазы ауданының Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы З.С.Жоламановаға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Бұдан басқа, Кеңес отырысында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы Төрағасының м.а. – Әдеп жөніндегі уәкіл А.Ж.Құмаровтың 2019 жылғы атқарылған жұмысы тыңдалып, оң баға берілді. Кеңес шешімімен А.Ж.Құмаровқа тиісті ұсыныстар енгізілді.

kenes2

Сондай-ақ Кеңес отырысында Атырау облысындағы жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің тәртіптік комиссияларының 2019 жылғы жұмысына жүргізілген талдау қортыныдысы тыңдалды. 2019 жылдың 12 айында тәртіптік жауаптылыққа тартылған Атырау облысындағы қызметшілер саны – 633 (ескерту – 424, сөгіс – 158, қатаң сөгіс – 26 қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 25) 2019 жылы шағым жасалған тәртіптік жазалардың саны – 6.

Аталған шағымдардың негізінде Департаментпен мемлекеттік органдарда жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының тәртіптік комиссияны құру және тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтарының, Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысының, Мақат ауданы әкімінің тәртіптік жазаны тағайындау туралы бұйрықтарының күші жойылып, 6 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.

Сонымен қатар, Кеңес отырысында Әдеп жөніндегі кеңесітің 2019 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланып, 2020 жылға жаңа мақсаттар айқындалды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Атырау облысы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика