Туристер көбейе ме? Атырауда 130-дан астам орналастыру орны жұмыс істейді

Атырау облысында туристік инфрақұрылым жүйелі түрде дамып келеді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы облыс басқармасы мәлімдеді. 2025 жылы облыста 46 жол бойындағы сервис нысаны жұмыс істеді, 131 орналастыру орны және 67 туристік ұйым қызмет атқарды. Ортағасырлық Сарайшық қалашығына баратын жол, Ақмешіт қорымына 34 шақырым жол салынды.
Қосымша туристік нысандарды дамыту арқылы өңірге келетін шетелдік және ішкі туристер саны артып, туристік қызмет көрсету саласы дамуда. Гидтер мен экскурсиялық топтар кәсіби дайындаудан өтіп, туристерге сапалы қызмет көрсетуде.
Айта кетейік, туристік бағыттарды дамыту мақсатында «Visit Atyrau» орталығы мәдени, спорттық және туристік іс-шараларды ұйымдастырып, гид мамандарын даярлау курстарын өткізуде.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT