Жайық өзеніндегі мұз қауіпсіздігі басты назарда

Атырау облысы ТЖД, полиция басқармасы, қалалық салық басқармасы және қалалық әкімдік қызметкерлері Жайық өзеніндегі мұздың қауіпсіздігіне байланысты арнайы рейд өткізді.

Рейд барысында өзен бойында үрмелі шарлармен  қызмет көрсететін кәсіптің белең алып кеткені анықталды. Қазіргі таңда мұздың қалыңдығы тұрақсыз болып, адамдардың құлап, жарақат алу фактілері тіркелуде. Бұл – азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Осыған байланысты, уәкілетті органдар тұрғындарды мұз үстінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, рұқсат етілмеген әрі қауіпті қызмет түрлерінен аулақ болуға шақырады. Сонымен қатар заң талаптарын бұза отырып көрсетілетін қызметтердің қауіпті екені ескертілді.

Азаматтардың қауіпсіздігі – басты басымдық. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT