Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Президент Садыр Жапаров пен оның отандастарын Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады. – Еліміз қазақ-қырғыз сан қырлы стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Бірлескен күш-жігер арқылы ғасырлардан тамыр тартатын достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімім мол, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Саясат
- Read Time: 1 min
- 16
