Қазақстан Азия мен Еуропаны жалғайтын әлемдік көлік хабына айналуы қажет - Президент

сурет ашық дереккөзден алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Үкіметке еліміздің газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар, Президент суды барынша үнемдеу керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфрақұрылымды дамыту қажет. Энергетика, су және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануға тиіс. Энергетикалық активтерді жаңғыртуға жақын арада жаңа инвестиция тарту керек. Бұл жұмысты «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы іске асыруға болады. Қазір тауар газының тапшылығы күшейіп барады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Мемлекет басшысы газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа жобаларды жүзеге асыру және суды барынша үнемдеу қажеттігіне тоқталды.

«Сонымен бірге, 25 су қоймасын салып, суды барынша үнемдеу керек. Қазақстан тұрақты даму үшін Азия мен Еуропаны жалғайтын әлемдік көлік хабына айналуы қажет. Бұған дейін қолға алынған көлік және логистика жобаларын түгел уақтылы бітіру өте маңызды», - деді Президент.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз