Бүгін – Тұңғыш Президент күні

2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын.

Осы заңда 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі болып белгіленді. Яғни, бүгін Тұңғыш Президент күні осымен 8-ші рет аталып өтеді.

Мереке күнін таңдаудың тарихи алғышарты мен негізі 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған оқиға болды: алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайызының қолдауына ие болды.

nazarbaaev

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаевты алғашқы ұлықтау рәсімі 1991 жылғы 10 желтоқсанда өтті. Ол Жоғарғы Кеңес депутаттарының қатысуымен Алматыдағы Республика сарайында өткен болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521