Еліміздің даму жолындағы ең үлкен күш – халықтың бірлігі мен билікке деген сенімі.
Соңғы әлеуметтік зерттеулер де осыны дәлелдеп отыр: азаматтардың басым бөлігі елдің болашағына сеніммен қарайды және Қазақстанмен мақтанатынын айтады.
82%-дан астам қазақстандық Президентке сенім білдіруде. Бұл – ел тізгінін ұстаған басшылықтың жүргізіп отырған саясатына деген халықтың қолдауы мен үмітінің айқын көрінісі.
Ал қазақстандықтардың 90%-ға жуығы өз Отанына мақтанатынын айтуы – қоғамдағы патриоттық рухтың биік екенін көрсетеді. Бірлік пен сенім – кез келген мемлекет үшін ең үлкен құндылық.
Халықтың осындай әлеуметтік оптимизмі Қазақстанды жаңа биіктерге жетелеп, өңірлік қана емес, жаһандық деңгейде де алдыңғы қатарлы елге айналдыруға жол ашады.
Б.Құнас
ардагерлер алқасының төрағасы