Агенттік төрағасы, Президенттік жастар кадр резерві – дарынды, бастамашыл, кәсіби білікті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған маңызды жоба екендігіне назар аударды. Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервінің форумында атап өткендей, «еліміздегі бизнес, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина, білім және басқа да секторларда табысты еңбек етіп жүрген адамдар жеткілікті. Нақты нәтижеге ұмтылып, тұтынушының қажеттілігін өтеу үшін жұмыс істейтін осындай мамандардың әлеуетін жұмылдыру керек».
Бұған дейін 2019, 2021 және 2023 жылдары өткен іріктеулерге қатысуға жалпы 60 мыңнан астам қазақстандықтар қызығушылық танытты. Іріктеулер қорытындысы бойынша резервке 400 адам қабылданды. Бүгінде олардың 318-і жауапты қызметтерге тағайындалып, экономиканың түрлі салаларында еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.
Атап айтқанда, 167 - орталық мемлекеттік органдарда, 37 -жергілікті атқарушы органдарда, 62 - ұлттық компанияларда, 52 - өзге ұйымдарда қызмет атқаруда. Сондай-ақ 39 резервші саяси лауазымдарда, 3 - «А» корпусының лауазымдарында, 2 - Мәжіліс депутаты, 1 - мәслихат депутаты болып қызмет етуде.