Белсенділікті байқадым

 Еліміздің болашағын айқындайтын сайлауда өз үлесімді қоссам деген ниетпен, кеше Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте орналасқан №110 сайлау учаскесіне ертемен барып өз таңдауымды жасадым. Учаскеде сайлаушылардың қатары көп екендігіне куә болдым.

Жерлестерімнің еліміздегі саяси оқиғадан бей-жай қалмай, өздерінің сайлау құқын пайдаланып, елдің даму жолына, жақсаруына атсалысуы құптарлық. Байқағаным бұл сайлауда кандидаттардың белсенділігі байқалады. Бұрын тек қана партияның тізімімен өтетін болса, енді өзін өзі ұсынып сайлау додасына түсуге мүмкіндік жасалған. Көппартиялық жүйенің де дамуына жол ашылып отыр. Сайлаушылардың да таңдау жасауына еркіндік берілген. Сайып келгенде мұның бәрі елімізде жаңа өзгерістер іс жүзінде іске асып жатқанының көрінісі деп білемін. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалардың нәтижесі екендігі сөзсіз. Ал бастысы болашақ халық қалаулыларының Парламент Мәжілісінде болсын, жергілікті деңгейде болсын елдіміздің өркендеп дамуына, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге толық күш-жігерін салады деген үміттемін. Ел болашағы үшін жасалып жатқан сайлауға өз даусым арқылы үлес қосқаныма қуаныштымын. Барша жерлестерімді Әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

Маргарита БОЗАЕВА,

баспа ардагері, «Атырау облысының ардақты ардагері» медалінің иегері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521