Басым міндеттер айқындалды

Әрбір тарихи даму кезеңінде өзіндік идеясы болмайтын ұлт жоқ және де кең ауқымды адамдар тобының санасы мен жүрегін жаулап алуда ешбір идея тиімділігі жағынан ұлттық идеямен теңесе алмайтыны анық. Ұлттық идея - ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар.  

2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ana tili» газетінде жарық көрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбатында ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын беріп,  елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындауымен қатар қазақ тілінің бәсекеге қабілеті және оны үйренуге деген қызығушылық барынша артып келетінін айтқан.

Президенттің пікірінше, ең бастысы, қазақ тілін білу сәнге айналып, жастарымыз оны меңгеруге ұмтылатын болған. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы кеңес заманында ана тілімізді әлемдік лингвистика картасынан жойылып кетуден сақтап қалған зиялы қауым өкілдерінің, ақын-жазушылардың, журналистер мен ғалымдардың, мұғалімдер мен мәдениет қайраткерлерінің, ауыл еңбеккерлерінің, яғни барша отаншыл азаматтардың еңбегін бағалауымыз керек екенін тілге тиек етті.

 
 Биылғы мемлекеттік іс-шаралардың ішінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы елеулі орын алатындығы айтылып, ең бастысы – Астанада өтетін әскери шеру болатындығы, соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, жауынгерлеріміздің есімін ел жадында сақтау үшін зерттеу жұмыстары жалғаса беретіндігінің айтылуы тарих пәнінің мұғалімі ретінде ғана емес, өз ауылымыздан шыққан соғыс ардагерлерінің өмірі мен ерлігін зерттеп жүрген мен үшін аса маңызды деп айтар едім.

 

Гүлнафис Ескалиева, 

Тарих пәні мұғалімі

Индер ауданы

Аққала ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT