Бас Прокурор ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 4-ші отырысына қатысты

Бас Прокурор Берік Асылов Баку қаласында (Әзербайжан Республикасы) Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер (ЭЫҰ) бас прокурорларының 4-ші отырысына қатысты.

ЭЫҰ алаңында ведомство басшылары адам саудасына, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа және басқа да заманауи сын-қатерлерге қарсы күрес саласындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Б. Асылов барлық қатысушыларды есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, Бас Прокурор шетелдік әріптестеріне осы мәселеге қарсы күш біріктіруді ұсынды.

Отырыс аяқталғаннан кейін қадағалау органының басшысы шетелдік әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Онда өзара құқықтық көмек көрсету, оның ішінде активтерді қайтару бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз