Қазақстанның жаңа бас санитар дәрігері тағайындалды

Ерлан Қиясов - Қазақстанның жаңа бас мемлекеттік санитар дәрігері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы "Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы"қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады.

1997-1999 жж. - Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.

1999 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында - санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры, басшының орынбасары қызметін атқарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT