Атыраулық Әділ Жұбанов мәжіліске өтті

Мұнайлы астанадан сайлауға түскен Әділ Жұбанов мәжіліске өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.

Орталық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсынғандар арасындағы жеңімпаздарды жариялады. Олардың арасында атыраулық Әділ Жұбанов та бар. Ол 107 мың 873 дауысқа ие болды. 

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысынан басқа да бірқатар үміткерлер сайлауға қатысып, бағын сынады. Атап айтқанда,  Л.Ахметжан 1201, Н.Байжанов 5843, О.Вертинская 5797, М.Ғұбайдуллин 735, И.Елекеев 15 212, С.Еңсегенов 40 185, Н.Камалова 3 319, С.Кукенова 8 051, Г.Ниетқалиева 855, М.Хайруллин 10 916 дауыс жинады. 

Айта кетейік, биылғы сайлауда мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі берілген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521