Атырауда сайлаушылардың 51.23 %-ы дауыс берді

2023 жылғы 19 наурызда, дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды. Оның ішінде: 1. Абай облысы бойынша – 57,02% 2. Ақмола облысы бойынша – 60,01% 3. Ақтөбе облысы бойынша – 58,00% 4. Алматы облысы бойынша – 60,03% 5. Атырау облысы бойынша – 51,23% 6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20% 7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21% 8. Жетісу облысы бойынша – 55,32% 9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48% 10. Қостанай облысы бойынша – 65,10% 11. Қызылорда облысы бойынша – 67,21% 12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,10% 13. Павлодар облысы бойынша – 58,68% 14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25% 15. Түркістан облысы бойынша – 53,01% 16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99% 17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15% 18. Астана қаласы бойынша – 42,91% 19. Алматы қаласы бойынша – 25,82% 20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521