АТЫРАУДА ҰЛАННЫҢ ЖАС САРБАЗДАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУДА

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Атырау қаласындағы №5546 әскери бөлімінде орналасқан №75 жабық сайлау учасекесінде дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталды. 

Осы уақытқа дейін 300-ге жуық сарбаз дауыс берді. Әскери қызметшілер саяси науқанның маңыздылығы мен жауапкершілігін ұғына отырып, сайлауға белсене қатысып жатыр. Әскери қызметшілердің басым бөлігі үшін бұл алғаш рет дауыс берулері екен. Солардың бірі – Ақтөбеден келген қатардағы жауынгер Бақытжан Салимов.

– Бүгін мен өмірімде алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Бұл сайлаудың нәтижесінде елімізді дамыған елдердің қатарынан көргім келеді. Халық қалауларын елдің кең қанат жаюына үлес қосады деп сенім білдіремін. Болашақ үміткерлер арасында ел үшін еңбек ететін, халық мүддесін қорғайтын тұлғалар болуын қалаймын. Жастардың жағдайын жасап, олардың жұмысқа орналасуына, пәтер алуына тағы да басқа мүмкіндіктеріне көмектесуіне үміт артамын. Үміткерлердің арасында жастардың көп болуын қалаймын. Өйткені ел басқару, заң шығару ісіне олардың қазірден араласып, ысыла бергендері дұрыс деді, - өз сөзінде.

Әскери бөлімде дауыс беру белсенді және барлық ережелер сақтала отырып жүргізілуде.



ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз